«Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 4 сәуірдегі

№ 319 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 


1. Жалпы ережелер

 

1. «Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Кедендік бақылау департаменттері және кедендер (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәтінен бастап - күнтізбелік 20 (жиырма) күн;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша жол берілетін уақыты - 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты - 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.